Қазақстандық теннисші Александр Бублик 28 ақпан күні таңертең Дубайдағы ATP-500 турниріндегі өнерін аяқтағаннан кейін Лос-Анджелеске ұшып кетті. Спортшының рейсі Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдаймен тұспа-тұс келді.
Теннисші өз Telegram-арнасында алаңдаушылығын білдірді:
"Дубайдан ұшып шықтық. Аман-есен жетсек екен деп ойладым. Иранның әуе кеңістігінен шыққан соң жаңалықтарды ашсам, жағдай осындай екен", - деді Александр Бублик өзінің Telegram-арнасында.
1-наурыз күні Бублик Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтетін MGM Slam көрме турниріне қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу