Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 11-орын) 2026 жылғы Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші кезеңде ол австралиялық Танаси Коккинакиспен (491-орын) кездесіп, 3 сағат 42 минутқа созылған бес сеттен тұратын тартысты матчта жеңіске жетті – 4:6, 6:3, 6:7, 6:3, 6:4.
Осы нәтижемен Бублик жарыстың екінші айналымына өтті. Онда ол француз Кириан Жакет пен литвалық Вилиус Гаубас арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу