Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды

194

Өткен жылы қазақстандық теннисші алғашқы айналымнан аса алмаған еді.

Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 139-орындағы франциялық Кириян Жакемен бетпе-бет келді.

Бұл қос теннисшінің өзара алғашқы кездесуі еді. 

Бублик матчты сәтті бастады – 6:3. 

Екінші сетте франциялық спортшы 4:1 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Александр қатарынан бес геймді алды – 6:4. 

Үшінші партияда тай-брейкте Бублик таразы басын аудара білді – 7:6 (7:5).

Бір сағат 49 минутқа созылған бәсекеде А.Бублик 15 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Жаке 8 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 19-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафо немесе рейтингіде 100-сатыдағы ұлыбританиялық Ян Хоинскидің қай жеңгенімен таласады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу