Александр Бублик Уимблдондағы жарыс жолын аяқтады

89

Осылайша, ересектер арасында Уимблдонда Қазақстаннан ешкім қалмады. 

Александр Бублик Уимблдондағы жарыс жолын аяқтады Фото: ATP

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицпен бетпе-бет келді.

Қарсыластар осыған дейін өзара сегіз рет шеберлік байқасқан, есеп тең – 4:4.

Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Фриц сәтті ойнады – 7:6 (7:1).

Екінші сет соңында да америкалық теннисші күш алып кетті – 6:4.

Т.Фриц үшінші партияда 3:1 есебімен алға шықты. Ақыры есесін жіберген жоқ – 6:4.
Қазақстандық теннисшінің матч соңына таман оң жамбасын ауырсынғаны байқалып тұрды.

Бір сағат 41 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Фриц 23 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Жасөспірімдер арасында Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай жарысты жалғастыруда. 

Өткен жылы А.Бублик Уимблдон додасында алғашқы айналымнан аса алмаған еді. Биыл сол көрсеткішін біршама жақсартып, төртінші айналымға дейін жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу