Александр Бублик Аустралиядағы жарысты аяқтады

143

Australian Open турнирінде қазақстандық теннисшілердің ішінен тек Елена Рыбакина ғана жарысты жалғастырып жатыр.

Александр Бублик Аустралиядағы жарысты аяқтады Фото: tennistv / bublik

Александр Бублик Australian Open турниріндегі өнерін аяқтады. Ол 1/8 финалда жеңіліс тапқанына қарамастан, Мельбурндегі жеке рекордын жаңартты.

Ширек финал жолдамасы үшін өткен матчта Бублик орталық кортта жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі, әлемнің 6-ракеткасы аустралиялық Алекс де Минормен кездесті. Алайда тартысты өткен ойында 4:6, 1:6, 1:6 есебімен Де Минор жеңіске жетті. Кездесу бір жарым сағатқа созылды.

Осылайша, спортшылар арасындағы жеке кездесулердегі есеп Де Минордың пайдасына 4:2 болып өзгерді. Айта кетейік, 2025 жылы ол Бубликке қарсы қатарынан екі рет жеңіске жеткен болатын.

Нәтижесінде, аустралиялық теннисші өз жерінде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалына екінші жыл қатарынан жолдама алды. Алдағы сейсенбіде ол әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы ойнайды.

Қазіргі таңда ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан өкілдері қалған жоқ. Ал әйелдер арасында жарысты тек Елена Рыбакина жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу