Александр Бублик Вена ашық чемпионатын жеңіспен бастады

179

Александрдың 1/8 финалдағы қарсыласы бүгін анықталады. 

Александр Бублик Вена ашық чемпионатын жеңіспен бастады Фото: Жеке парақшасынан

Әлемнің 19-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Вена қаласында өтіп жатқан беделді ATP 500 турнирін сәтті бастады.

Ол алғашқы айналымда чилилік спортшы Алехандро Табилоны сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:4, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталып, 1 сағаттан астам уақытқа созылды.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 2,7 миллион еуро. Қазақстандық спортшы жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. 9 эйс жасап, жеті брейк-пойнттың 3-еуін тиімді пайдаланды.

Вена турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде әлемнің ең мықты теннисшілерінің басын қосады. Биыл жарысқа Даниил Медведев, Янник Синнер, Стефанос Циципас, Андрей Рублёв, Бен Шелтон және Гаэль Монфис секілді жұлдыздар қатысуда.

Александр Бублик үшін Венадағы сәтті бастама үлкен мүмкіндікке жол ашты. Табилоға қарсы жеңіс оған келесі айналымға өтіп, Франсиско Черундоло (Аргентина) мен Алекс Микелсен (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен ширек финал жолдамасы үшін бақ сынауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу