Александр Лукашенко Қазақстан Президентін Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті

372

Беларусь Президенті Александр Лукашенко қытай тілін жетік меңгерген Қасым-Жомарт Тоқаевтың біліміне жоғары баға берді.  

Александр Лукашенко Қазақстан Президентін Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті Фото: akorda.kz

16 қаңтарда өткен мемлекеттік маңызы бар жиында Александр Лукашенко Қытай-Беларусь индустриялық паркі әкімшілігінің жаңа басшысын тағайындау кезінде күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытаймен бірлескен ауқымды жобаны талқылау барысында ол тілдік кедергілерді жою мәселесіне тоқталып, Қазақстан Президентінің кәсібилігін мысалға келтірді.

"Міне, бізде Қазақстан Президенті Тоқаев кезінде аудармашы болып жұмыс істеген. Ол қытай тілін жетік біледі. Қазақстан Президенті – өте ақылды, парасатты адам. Ол да Құдай емес, бірақ үйренді ғой. Демек, үйренуге болады", – деді Александр Лукашенко "Ұлы тас" индустриялық паркінің жаңа басшысы Татьяна Харлапқа мысал ретінде келтіріп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу