Александр Шевченко Дэвис кубогындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

310

Кореяның Чхунчхон қаласында Қазақстан мен Корея құрамалары арасындағы Дэвис кубогының Әлемдік І тобы плей-офф кезеңі басталды.  

Александр Шевченко Дэвис кубогындағы алғашқы ойында жеңіске жетті Фото: rsport.ria.ru

Күннің ашылу матчында қазақстандық Александр Шевченко кореялық Чон Хёнмен кортқа шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлемнің бұрынғы 19-ракеткасы, Australian Open-2018 жартылай финалына дейін жеткен Чонға қарсы ойында Шевченко сенімді ойын көрсетті. Бір жарым сағатқа созылған кездесуде ол 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстанға алғашқы ұпайды сыйлады.

Бұл – Шевченконың Дэвис кубогы аясындағы екінші жеке жеңісі.

Келесі ойында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Квон Сун Уға қарсы өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу