Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Майами Мастерс турниріндегі өнерін сенімді бастады. Ол беделді жарыстың екінші кезеңіне жолдама алды.
Алғашқы айналымда ол италиялық Маттео Арнальдидімен сынға түсті. Кездесу өте тартысты өтіп, 2 сағат 32 минутқа созылды. Алғашқы екі сетте қарсыластар тай-брейктерде бір-бір жеңістен алмасты. Алайда шешуші партияда Шевченко бастаманы өз қолына алып, матчты жеңіспен аяқтады - 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 6:2.
Майамидегі турнирдің екінші кезеңінде Шевченконы қиын сынақ күтіп тұр. Ол әлемнің тоғызыншы ракеткасы, америкалық Бен Шелтонға қарсы ойнайды.
1/32 финал 22-наурыз күні Қазақстан уақытымен 4:00-де басталады.