Александр Винокуров "Астананың" спорт жетекшісі қызметінен кетті

1128

Astana - Premier Tech командасы Александр Винокуровтың бұдан былай команданың спорт жетекшісі болмайтынын хабарлады.

Александр Винокуров "Астананың" спорт жетекшісі қызметінен кетті

2012-жылы Лондонда өткен Олимпиада чемпионы Александр Винокуров "Astana-Premier Tech" велокомандасының директорлар кеңесінің мүшесі және бас менеджері қызметінен кетті. Осыған байланысты Astana – Premier Tech командасының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

"Команданың Директорлар кеңесі қабылдаған қазіргі шешімге қарамастан, Винокуров біраз уақыт өзінің басқарушылық міндеттерін орындамай, Astana – Premier Tech-тың құнды мүшесі болып қалады.

Джузеппе Мартинелли мен Стив Бауэр команданың спорт жетекшісінің рөлін бірлесіп атқарады. Олар команданың күнделікті спорттық іс-шараларын ұйымдастыру үшін басқарушы директор Яна Зельмен бірге жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

"Біз Александр Винокуровтың "Тур де Франсқа" қатыспайтындығын растаймыз. Өйткені ол команданың спорт жетекшісі қызметін тоқтатқан. Александр бұрынғысынша, команда құрамында. Ол қазіргі уақытта команданың спорттық іс-шараларын басқармайды. Бірақ басқа міндеттерді орындауға ауысады. Осы кезеңде Джузеппе Мартинелли мен Стив Бауэр команданы жарыстардағы көрсеткіштері бойынша басқарып, біздің шабандоздарды табысқа жетелеп,  жақсы жұмыс істей алады деп үміттенемін. "Тур де Франстан" бастап Стив Дмитрий Фофоновпен және Стефано Занинимен бірге жұмыс істейтін болады", - деді Astana – Premier Tech-тың басқарушы директоры Яна Зель

Естеріңізге сала кетейік, команда 26-маусым мен 18-шілде аралығында өтетін "Тур де Франс-2021" жарысына қатысады. Ұзақ жылдар бойы алғаш рет Astana – Premier Tech Гранд-турда жалпы есепте жеңіс тұғырына таласпайтынын ресми түрде жариялады. Бірақ жекелеген кезеңдерде жеңіске жетуді көздейтінін мәлімдеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу