Александр Винокуров: "Биылғы маусым сәтті өтті!"

1531

Биылғы велосипед маусымы басқа спорт түрлерімен қатар пандемияға байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Осыған қарамастан, Халықаралық велосипедшілер одағы UCI әлемдегі ең маңызды Тур де Франс, Джиро д'Италия және Вуэльта-де-Испания сияқты веложарыстарды өткізді. Осы үш үлкен турға елордалық "Astana Pro Team" велокомандасы да қатысты.

Александр Винокуров: "Биылғы маусым сәтті өтті!"

"Astana Pro Team" командасының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бізге командаға жаңа бас демеушінің келуі, жаңа маусымдағы міндеттер, 2020-жылдың қорытындысын шығарып, Иван Урганттың клубқа деген қызығушылығы туралы айтып берді.

- Александр, велосипед маусымы аяқталды. Қорытындылай келе, сіз "Astana Pro Team" командасының биылғы жетістіктеріне қандай баға берер едіңіз?

- Осы маусым бәріміз үшін өте қиын болды. Біз маусымды жақсы бастадық. Якоб Фульсангтың жеңісі, Алексей Луценко БАӘ турында жеңіске жетті. Бұдан да басқа жетістіктер де болды. Содан кейін локдаун басталды. Біздің карантиннен кейін қайта жарыс жолына оралғанымыз да бір жеңіс болды деуге болады. Менің ойымша "Тур де Франс" жақсы өтті. Тек жеңіс тұғыры ғана жетпеген сияқты. Мысалы "торттағы шие" секілді. Барлығы 16 жеңіске қол жеткіздік. Мұндай нәтижеден кейін маусым өте жақсы өтті деп ойлаймын.

- Коронавирусқа байланысты екі команда "Джироға" қатыспады. Бұл Астанаға көмектесті ме? Мысалы, қарсыластарыңыз екі командаға кеміді...

 - Жалпы негізгі тізімге енген Вадим Пронский, Юрий Натаров, Алекс Аранбуру сияқты шабандоздарсыз бастадық. Коронавирус өзіндік өзгерістер енгізді. Біз тізімді жарыс басталуға бірнеше күн қалғанда өзгерттік. Сонымен қатар алғашқы күндері Мигель Анхель Лопес құлап, Александр Власов жарыстан шығып қалды. Бізде екі капитан шеттетілді және бұл айтарлықтай өзгертулер енгізді. Әйтпесе "Джиро д Италия" біз үшін  мүлде басқаша өтер еді. Якоб Фульсанг қана жарыста қалды. Бірақ ол да сәтсіздікке тап болды.

- Неліктен "Астана" өзінің көшбасшыларының бірі Мигель Анхель Лопеспен қош айтысты?

- Бұл сұрақтың жауабы қарапайым - қаржылық жағдай. Лопеске төленетін қаржы болмағандықтан, команда онымен қош айтысуға тура келді.

- "Астана" велосипедшілерінің жақын арада қандай жоспарлары бар? Мерекелер, каникулдар... Келісім-шартты ұзарту туралы қандай жағдайлар орын алып жатыр? Қай шабандозбен келісім-шарттар ұзартылды?

  - Команда келісім-шарттарды  аяқтады. 31 шабандозбен, оның ішінде 10 қазақстандық спортшымен келісім-шарт жасалды. Біз жастардың команда сапына қосылуын әрқашан да құптаймыз. Сондықтан "Вино - Астана Моторс" құрлықтық командасының екі жігітін алдық. Олар Глеб Брусенский мен Евгений Федоров. Болашағынан зор үміт күттіретін жігіттер. Өкінішке орай Жандос Бижігітов пен Даниил Фоминыхпен қоштасуға мәжбүр болдық.

- Танымал тележүргізуші Иван Ургант "Астана" велокомандасына неліктен қызығушылық танытты?

- Біз Ургантпен доспыз. Хат жазып тұрамыз. Өкінішке орай, биыл кездесу мүмкін болмады. Бірақ карантин кезінде Instagram-да сұрақ-жауап форматында тікелей эфирлер болды. Мүмкін бұл Про-Тур-да ТМД елдерінен жалғыз команда қалғандықтан болар. Ол ылғи бізбен сөйлесуге қызығушылық танытады. Сондықтан біз доспыз. Байланыстамыз, велесебед тебеміз. Велоспортқа деген қызығушылығы зор және бұл өте қуантады. Сол үшін оған көп рахмет!

- Қазақстандықтарға Олимпиада чемпионынан жаңа жылға тілек!

- Олимпиада чемпионының тілегі - 2021 жыл, сиыр жылы бәріміз үшін былтырғы жылға қарағанда сәтті өтсін. Мен барша қазақстандықтарға, менің отандастарыма, ең алдымен зор денсаулық, бизнесте, спортта сәттілік тілеймін! Ал спортшыларға, әрине, Токиодағы олимпиада медальін иемденуге тілектеспін! Жаңа жылда табыс пен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ермұхамед Мәулен


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу