Алексей Луценко Испанияда өткен жарыстың жеңімпазы атанды

672

Астананың тағы бір шабандозы жүлделі үшінші орынға ие болды. 

Алексей Луценко Испанияда өткен жарыстың жеңімпазы атанды

Бүгін Испания жолдарында "Circuito Getхo" атты бір күндік велодода өтті. Жарыста астаналық Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Луценко Бильбаодан Гетчоға дейінгі 193,3 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 19 минут 10 секундта еңсерді. Екінші орын "Lidl-Trek" шабандозы француз Тони Галлопинге бұйырды. Үшінші болып мәреге "Астананың" тағы бір өкілі италиялық Симоне Веласко келді.  

Қалған астаналық шабандоздар жарысты келесі нәтижелермен аяқтады: Евгений Федоров – 20-шы, Нұрберген Нұрлыхасым – 55-ші. Ал Фабио Феллине, Леонардо Бассо және Хавьер Ромо мәреге жете алмады.

"Circuito Getcho"

 Bilbao — Getxo. 193.3 шақырым

1. Алексей Луценко (Қазақстан, "Астана") — 4:19:10
2. Тони Галлопен (Франция, "Lidl-Trek") — +0:24
3. Симоне Веласко (Италия, "Астана") — +0:33

20. Евгений Федоров (Қазақстан, "Астана") — +8:04
55. Нұрберген Нұрлыхасым (Қазақстан, "Астана") — +15:42. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу