Алексей Навальный кім еді?

2702

Ресей оппозициясы лидерінің өмірі мен қызметіне қысқаша шолу.

Алексей Навальный кім еді? Фото: aljazeera.com

Ресейдегі ең көрнекті оппозиция жетекшісі және шамамен 30 жылға сотталған Алексей Навальный жұма күні Арктика шеңберінің солтүстігіндегі "Поляр қасқыры" колониясында құлап, есінен танып қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті түрме қызметі.

"Меніңше, Навальныйдың өліміне қамаудағы жағдай себеп болды. Оған берілген үкім өлтірумен толықтырылды", - дейді ресейлік газет редакторы, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Дмитрий Мұратов Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Анасы болса, ақпанның 12-де соңғы рет көргенде, ұлының "тірі, сау және бақытты болғанын" айтады.

ОППОЗИЦИЯ ЛИДЕРІ

47 жастағы Навальный Ресейдегі бытыраңқы оппозицияның жетекші тұлғасына айналды.

Қолдаушылары оны тіпті оңтүстікафрикалық Нельсон Манделаның орысша нұсқасы ретінде сипаттап, Навальныйдың бір күні елге басшылық ету үшін түрмеден босатылатынына үміт етті.

Навальный 2021 жылы Германиядан Ресейге өз еркімен оралғаны үшін оппозицияда талай адамдарды таңқалдырды. Ал Батыстың зертханалық зерттеулері оны біреулер Сібірде жүйке агентімен уландырмақ болғанын әшкерелеп берді.

ТАНЫМАЛДЫҚҚА ҚАДАМ

Бұрынғы заңгер Навальный Ресейді "алаяқтар мен ұрылар" билейді деп сипаттап, ел элитасындағы орасан жемқорлықты әшкерелеген блогтарымен көпке танылды.

2000 жылдары орыс ұлтшылдарының шерулеріне қатысты. Иммиграцияны шектеуге шақыруы мен тым ұлтшыл көзқарастары үшін ол 2007 жылы либералдық-оппозициялық "Яблоко" партиясы қатарынан шығарылды.

Навальный президент Владимир Путин бастаған элитаның шамына тиді және жоғары лауазымды шенеуніктердің өмір салты мен байлықтарын әшкереледі, осының бәрін суреттеу үшін ол интернетті, тіпті дрондарды қолданды.

2011 жылы желтоқсанда өткен сайлаудан кейін Путинге қарсы демонстрациялар басталғанда, ол тұтқындалған алғашқы наразылық акциясы жетекшілерінің біріне айналды.

Навальный Ресейді саяси дүрбелеңдерге, соның ішінде революцияға душар болуы мүмкін екенін болжады. 

КРЕМЛЬ НЕ ДЕЙДІ?

Кремль Путинге оның қайтыс болғаны туралы хабарлағанын мәлімдеп отыр.

Кремль Навальныйдың орасан зор жемқорлық пен Путиннің жеке байлығы туралы айыптауларын жоққа шығарды. Навальныйдың саяси қозғалысы заңсыз деп танылып, оның одақтастарының көпшілігі Ресейден қашып, қазір Еуропада тұрып жатыр.

Ресей шенеуніктері Навальныйды экстремист әрі АҚШ-тың барлау агенттігінің қуыршағы деп атап, Ресейді әлсіретіп, оны Батыстың клиенттік мемлекеті ету үшін революция тұқымын себуге тырысты деп айыптады.

Навальный қоғамдық митингілер ұйымдастырғаны үшін талай рет қамауға алынып, сыбайлас жемқорлық, қаржы жымқыру және алаяқтық сияқты айыптар бойынша бірнеше рет сотқа тартылды. Ол өзіне тағылған кінәлардың бәрін жоққа шығарып, олардың саяси астары барын талай мәрте мәлімдеді.

Навальный 2023 жылы Ресей халқын саяси бағындыруға әрекеттенді деген айыппен тағы 19 жылға қатаң режимдегі колонияға аттандырылды.

УЛАНУ

2020 жылдың тамызында Навальный Сібірдегі Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқанда ауырып қалды. Ұшқыш шұғыл қонып, оның өмірін сақтап қалды. Содан кейін Навальный Берлинге жеткізіліп, Кеңес Одағында жасалған улы "Новичок" нейротоксинінің әсерінен емделді.

Бұл істі бұқаралық ақпарат құралдары бірлесіп зерттеп, қастандықты ФСБ-ға жапты. Алайда, сол кезде Путин мұны "егер біреу оны улағысы келсе, бұл жұмысты аяқтар еді", деп мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу