Матч АҚШ-тың Калифорния штатындағы Инглвуд қаласында орналасқан "SoFi Stadium" аренасында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Иран құрамасы бірінші таймда-ақ есепте алға шыққан еді. 25-минуттағы шабуылшы Мехди Таремидің бельгиялықтардың қақпасын дәл көздегені VAR тексерісінен соң саналмады.
Кездесудің 66-минутында Бельгия құрамасы сапынан қорғаушы Натан Нгой тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Солай бола тұра, статистикада бельгиялықтар айқын басым болды. Бірақ та, бұл олардың жеңіске жетуіне жеткіліксіз еді.
Осыдан соң қос құрама да 2 ұпайдан жинады. Бірінші турда Бельгия Египетпен 1:1 есебімен тең тарқасса, Иран мен Жаңа Зеландия арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталғанын жаздық.