Әлем чемпионаты – 2026: Харри Кейннің дублі Англияның жеңісіне үлес қосты

Англия мен Хорватия кездесуі L тобында өтті. 

Әлем чемпионаты – 2026: Харри Кейннің дублі Англияның жеңісіне үлес қосты Фото: Чемпионат

Бұл матч қос құраманың бір-бірінің қақпасына көп гол соғуымен есте қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алғашқы таймда командалар екі-екіден гол соғып үлгерді.

Ойынның 12-минутында Англия құрамасының капитаны Харри Кейн 11 метрлік айып добын қақпа торында тулатты. Бұл голға 36-минутта хорватиялық Мартин Батурина жауап қайтара алды. 

Ал 42-минутында Кейн дубль жасаса, 45-минутта хорватиялық Летар Муса да мергендігімен танылды. 

Екінші таймды англиялықтар белсенді бастады. Ұрымтал тұста Джуд Беллингем соққан гол Англияны есепте алға шығарса, 85-минутта Маркус Рэшфорд таблодағы көрсеткішті ұлғайта түсті. Қорытынды есеп – 4:2. Осылайша, Англия әлем біріншілігін сәтті бастады деуге негіз бар. 

Бұған дейін мундиалға 40 жастан асқан бірнеше футболшы қатысып жатқанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу