Футболдан әлем чемпионатының екінші айналымында Канада Қатарды 6:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алаң иелері ойын басталысымен-ақ толық басымдық танытты деуге болады. Матчтың небәрі 16-минутында Кайл Ларин гол соқты. Арада 13 минут өткенде Джонатан Дэвид гол соғып, есепті еселей түсті. Үзіліске дейін канадалықтар үшінші голын да соғып үлгерді. Бұл – шабуылшы Дэвидтің дублі.
Екінші таймда канадалық жартылай қорғаушы Исмаэль Коне ауыр жарақат алып қалды. VAR-ды қараған төреші қатарлық Мадибоның сары қағазын қызылға ауыстырды.
Кездесудің 64-минутында Натан Салиба жойқын соққысымен есепті 4:0-ге жеткізсе, 75-минутта қатарлық қорғаушы Аль-Маннай өз қақпасына гол соқты. Ойын аяқталар тұста Дэвид үшінші голды өз атына жазды, сөйтіп сұрмергендер қатарында Мессимен теңесті.
Осы жеңісінен соң Канада топта 4 ұпай еншілеп, плей-офф кезеңіне өту мүмкіндігін жақсартты. Үшінші турда турнир қожайындары Швейцариямен шеберлік байқасады.