Бүгін бозкілемге 5 палуанымыз шықты. Тәжірибелі Жәмилә Бақбергенова (72 кг) 1/8 финалда қырғызстандық Нұрзат Нұртаеваға тартысты айқаста есе жіберді. Белдесу 3:3 есебімен тең аяқталғанымен, қарсыласы ұпай басымдығымен жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, іріктеу кезеңінде Зейнеп Баянова (53 кг) Оңтүстік Корея өкілі Се Ён Пакқа, Тыныс Дүбек (62 кг) польшалық Алиса Новосадқа, ал Бейбіт Сейдуалы (68 кг) тағы бір оңтүстіккореялық Хёнен Пакқа жол берді.
Егер осы қарсыластар финалға шықса, қазақстандық балуандар жұбаныш кезеңінде қайта күресуге мүмкіндік алады. Ал 50 кг салмақта сынға түскен Светлана Анкичева жұбаныш белдесуінде UWW атынан шыққан Елизавета Смирноваға есе жіберді.
Осылайша, ұлттық құраманың 4 спортшысы әлі де медаль үшін күресуге мүмкіндік сақтап отыр.
Айта кетейік, еркін күрестен ерлер арасындағы сайыстарда Қазақстан құрамасы 2 қола медаль иеленген болатын.