Биылғы мундиальдың ширек финалында Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен қапы қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, олар жартылай финалға жолдама алған алғашқы құрама атанып отыр.
Бостон қаласында өткен маңызды матчта француздар сапынан Килиан Мбаппе (60) мен Усман Дембеле (66) мергендік танытты.
Топтық кезеңде Франция құрамасы J тобында барлық кездесуде жеңіске жеткен еді. Олар әуелі Сенегалды 3:1, Иракты 3:0, Норвегияны 4:1 есебімен сүріндірсе, 1/16 финалда Швециядан (3:0),1/8 финалда Парагвайдан (1:0) айласын асырды.
Ал Марокко С тобында Бразилиямен 1:1 есебімен тең тарқасса, Шотландияны 1:0, Гаитиді 4:2 есебімен жеңді. Одан соң 1/16 финалда Нидерланд (1:1, пенальтиден 3:2) және Канада (3:0) құрамаларынан басым түсті.
Қос құрама осыған дейін 5 мәрте кездескен болатын. Оның үшеуінде Францияның асығы алшысынан түссе, екеуінде тең нәтиже тіркелген.