Қос құрама арасындағы ойын тағдыры екінші таймда ғана шешілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Оңтүстік Корея алғашқы турдағы Чехияға қарсы кездесуді сәтті бастап отыр.
"Акрон" стадионында өткен тартысты матчта Сон Хын Мин бастаған футболшылар 2:1 есебімен жеңіске жете алды.
Кездесудің алғашқы бөлігінде есеп ашылмаса да, екінші таймда бақандай 3 гол соғылды. Матчтың 59-минутында чехиялықтар сапынан Крейчи мергендігімен көзге түсті.
Ал 67-минутта Оңтүстік Корея ойыншысы Хван Ин-Бом таразы басын теңестірсе, жеңіс голын да оңтүстіккореялықтар салды.
Әзірге бұл топта Оңтүстік Африка қақпасына жауапсыз 2 доп енгізген Мексика құрамасы көш бастап тұр. Яғни, бұған дейін Мексиканың 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчында жеңіске жеткенін жазған едік.