Қос құрама арасындағы кездесудің негізгі уақыты тең аяқталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Парагвай құрамасы 2026 жылғы мундиалдың 1/16 финалында сенсация жасап отыр. Олар азуын айға білеген Германияны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Тартысты өткен матчтың 42-минутында парагвайлық Хулио Энсисо гол соқса, 54-минутта Кай Хаверц Флориан Вирцтің пасын сәтті пайдаланып, таразы басын теңестіріп кетті.
Қосымша уақытта Германия сапынан Джонатан Та бұрыштамадан соң гол соқса да, VAR жүйесінен кейін есепке алынбады. Себебі, қақпашыға қарсы ереже бұзылған.
Овертаймда да жеңімпаз анықталмағандықтан, матч тағдыры пенальтилер сериясына ұласты. Онда Парагвай құрамасы 4:3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алып отыр.
Парагвай келесі кезеңде Франция мен Швеция құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.
Бұған дейін Бразилияның Жапонияға қарсы камбэк жасап, 1/8 финалға жолдама алғанын жаздық.