Әлем чемпионаты: Жапония қарсыласын жеңе алмады

Бұл футболдан әлем чемпионатының F тобындағы үшінші тур матчы еді.  

Әлем чемпионаты: Жапония қарсыласын жеңе алмады Фото: Reuters

Онда Жапония мен Швеция құрамалары өзара мықтыны анықтауға тырысып көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесудің бірінші бөлігінде гол соғылмады. Үзілістен соң жапондар сапынан 56-минутта Дайзен Маэда мергендігімен танылды.

Десе де, Швеция арада 6 минут өтер-өтпестен таразы басын теңестіріп кетті. 62-минутта Энтони Эланга ғажап соққы жасап, есепті 1:1-ге жеткізді.

Осы ойыннан соң Жапония 5 ұпай жинап, F тобында 2-орынға ие болды және әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды. Плей-офф кезеңінде жапондар азулы Бразилия құрамасымен кездеспек.

Ал Швеция 4 ұпаймен топта үшінші орынға жайғасты. Енді скандинавиялықтар басқа топтардағы нәтижелерді күтуге мәжбүр. Еске салайық, үздік үшінші орын иегерлеріне де плей-оффқа шығуға мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу