Әлем чемпионатына қатысатын 10 қырғызстандық боксшыға БАӘ виза беруден бас тартты

98

Қырғызстан бокс құрамасы Дубайда 3–13 желтоқсан аралығында өтетін IBA әлем чемпионатына дайындық барысында үлкен қиындықтарға тап болды.

Әлем чемпионатына қатысатын 10 қырғызстандық боксшыға БАӘ виза беруден бас тартты

Қырғыз Республикасы Бокс федерациясының мәліметінше, команда мүшелерінің 10-ы барлық қажетті құжаттарды уақытылы тапсырғанымен, БАӘ-ден виза ала алмаған.

Федерация турнирге 13 адамды тіркеген. Алайда визалар тек екі спортшыға – Омар Ливазаға (63,5 кг дейін) және Алмаз Орозбековке (67 кг дейін), сондай-ақ бас бапкер Данияр Тологон уулуға ғана берілген. Қалған он адамға виза беруден бас тартылған. 

Федерация мұндай жағдайға 46 елдің спортшылары да тап болғанын айтып, әлем чемпионатының толыққанды өтетініне күмән тудыратынын хабарлады.

Әлем чемпионаты сейсенбі күні басталып, 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстар 13 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. 

Турнирдің жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайды. Чемпион атанған боксшы 300 мың доллар, екінші орын алған спортшы 150 мың доллар, үшінші орынға 75 мың доллар, бесінші орынға 10 мың доллар алады.

Сыйақы мынадай үлеспен бөлінеді: 50% – боксшыға, 25% – бапкерге, 25% – ұлттық федерацияға беріледі.

Айта кетейік, Дубайда өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу