Әлем чемпионатында қола алған жас дзюдошыға жерлестері ат мінгізді

404

Қазығұрттық Ерік Үсеновке аудан әкімдігі 500 мың теңге сыйақы табыстап, ауыл тұрғындары құрмет көрсетті.  

Әлем чемпионатында қола алған жас дзюдошыға жерлестері ат мінгізді Фото: gov.kz

Эквадордың Гуаякиль қаласында жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлде алған Ерік Үсенов туған жері Қазығұрт ауданында салтанатты түрде қарсы алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жас спортшыны қарсы алу рәсіміне ауданның зиялы қауым өкілдері, спорт мамандары, жаттықтырушылар, ауыл тұрғындары мен жас спортшылар қатысты.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай Ерік Үсеновты халықаралық жарыстағы жетістігімен құттықтап, оның Қазақстанның көк туын әлемдік додада желбіреткенін атап өтті. Сондай-ақ спортшыны жарысқа дайындаған бапкері Нұрболат Малдыбайұлына алғыс білдірді.

Жас дзюдошыға аудан әкімдігі атынан 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды. Ал спортшының туған жері Шарбұлақ ауылының тұрғындары оған арғымақ мінгізді.

Ерік Үсеновтың бапкері Нұрболат Малдыбайұлы да құрметтен тыс қалмады. Жаттықтырушылар қауымы оған ат мінгізіп, еңбегіне алғыс білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу