Әлем чемпионатының төртінші күні дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды

326

Әзірге биылғы әлем чемпионатында Әбиба Әбужақынова иеленген күміс жүлде ғана бар. 

Әлем чемпионатының төртінші күні дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды Фото: gov.kz

Эсмигүл Куюлова дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионатында бірінші жекпе-жектен кейін жарысты аяқтады. 1/32 финалда қазақстандық спортшы словениялық Кая Кайзерге қосымша уақытта есе жіберді.

Абылайхан Жұбаназар да әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады. 1/8 финалда Жұбаназар 40 секунд ішінде 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2025 жылғы Еуропа чемпионы – IJF командасындағы ресейлік Тимур Арбузовқа есе жіберді.

Осылайша, бүгінгі жарыс күні дзюдошылармыз жүлдесіз қалды. 

Айта кетейік, ертең 17 маусым 90 келі салмақта тағы бір дзюдошымыз Мейірлан Максим 14:00-де жарыс жолына шығады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу