Әлем чемпионы "Астанамен" келісімге келді

1052

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Astana Qazaqstan Team командасымен келісімге келді.

Әлем чемпионы "Астанамен" келісімге келді

Осы жақында 22 жасқа толған Евгений Федеоров Әлемдік турға өткен жылы енген еді. Алғашқы кәсіпқой келісім-шартына отырып, үлкен спортқа аяқ басты. Одан кейін Қазақстан чемпионатында топтық жарыста бас жүлдені иемденді. Сосын "Фландрия туры", "Гент-Вевельгем", "Омлууп Хет Ньюзблад" жарыстарына қатысты. 2022 жылдың басында ол тас жолдағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Құрлықтық дода Тәжікстанда өтіп, онда Федеров 24 шақырымды 28 минут, 45 секундта жүріп өтті. Күміс жүлде иеленген жапониялық Нарюка Масуда қазақстандық шабандозға 50 секунд жеңіліп қалған еді.

Сонымен бірге Евгений биыл "Испания Вуэльтасы" велобәйгесіне қатысты. Әлемдік гранд-турдға қатысқан велошабандоздардың тек 134-і ғана 21 кезеңді толық жүріп шықты. Отандасымыз солардың қатарында болды. Одан кейін араға 2 апта салып Евгений Федоров 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында алтынмен апталды. Бұл күллі әлем чемпионаты екенін ескерсек, қазақ велоспорты үшін алтын медаль ғаламат нәтиже екені айдан анық.

Жер жаһанның үздіктері жиналатын жарыс биыл Аустралияның Вуллонгон қаласында өтті. Соңғы метрлерде қазақстандық велосипедші чех Матияс Вачек пен норвегиялық Сорен Вереншельдті басып озды. 2012 жылы осы жарыста Алексей Луценко жеңімпаз атанып, әлем чемпионы атанған болатын. Су жаңа әлем чемпионы деген атақпен Е.Федоров "Ломбардия туры" сайысына қатысып та үлгерді. Енді міне, Astana Qazaqstan Team командасының баспасөз қызметі оның 2023-24 жылдардағы маусымға арналған жаңа келісімі жасалғанын мәлімдеп отыр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу