Оның сөзінше, жаһандық додада алтын медаль жеңіп алған боксшыларға қомақты сыйақы берілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, келесі әлем чемпионатының жүлде қоры 20 миллион доллар болады. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орын алған боксшыға 1 миллион доллар көлемінде сыйақы табысталады.
– Әлем чемпионаты – IBA үшін басты турнир. Естеріңізде болса, Дубайда өткен әлем чемпионатының жүлде қоры 8 миллион доллар болды. Ал келесі әлем чемпионатының жүлде қоры 20 миллион долларды құрайды. Бірінші орын алған боксшы 1 миллион доллар алады, – деп сөзін нақтылады Кремлев.
Жаза кетейік, ерлер арасындағы соңғы әлем чемпионаты 2025 жылы Дубайда ұйымдастырылды.
Оған дейінгі жарыстар 2023 жылы Ташкентте, 2021 жылы Белградта және 2019 жылы Екатеринбургте жалауы желбіреді.