Ол – бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Боксқа қайта оралу туралы ой болды. Тіпті, жаттығуды қайта бастап көрдім. Бірақ болмады. Сондықтан, кәсіби мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Қазір Жамбыл облысындағы кәсіпқой бокс клубы басшысының орынбасары болып жұмыс істеймін, – деп қоса кетті қазақ боксшысы.
Асланбек Шымбергенов Қазақстан чемпионатында екі мәрте топ жарса, 2019 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында алтын медальді мойынға тақты.
2022 жылы Азия чемпионы атанса, 2023 жылы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, мансабындағы ең ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді.
Шымбергеновтың еншісінде Азия ойындарының екі жүлдесі бар. 2018 жылғы Азия ойындарында күміспен күптелсе, 2023 жылғы додада қола медаль бұйырды.
Ол 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғады.
Осылайша, әлем және Азия чемпионы, Қазақстан құрамасының экс-капитаны енді қызметін Жамбыл облысындағы кәсіпқой бокс клубында жалғастырмақ.