Германия сапында 2022 жылғы әлем кубогының чемпионы Салах Ибрахим, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Магомед Шахидов сияқты танымал боксшылар бар.
Олар 29 маусымға дейін әлем кубогі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Бұған дейін АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Швеция, Аустралия және Сербия елдерінің спортшылары Астанаға келген еді.
30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада бокстан әлем кубогы өтеді.
Айтулы жарысқа 31 мемлекеттен 300-ге жуық боксшы қатысады. 1-орын алған боксшылар – 300, 2-орын алған боксшылар – 200, 3-орын алған боксшылар – 150 рейтингтік ұпайға ие болады.
Турнирдің ашылу салтанаты 30 маусым күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 13:00-де басталады.