banner

Әлем теннисінің жұлдыздары Астанада

1527

Байрақты бәсеке елорда тұрғындары үшін ғаламат жарыс болайын деп тұр. Себебі мұнда кілең танымал теннисшілер ойнайды. 

Әлем теннисінің жұлдыздары Астанада

ATP 500 деп аталатын бұл жарыстың Қазақстанда өтетіні барша жанкүйер қауымды қуантты. Қазақстан барған сайын Әлемдік теннистің орталығына айналып келеді. Қыздар арасындағы командалық сайыстан кейін, тағы бір ірі дода Астана қаласында өтпек. Оған әлемнің үздік теннисшілері келіп қатысады. Танымал спортшылар арасында Данил Медведев, Андрей Рублев, Гиоргос Циципас, Кристиан Гарин секілді ойыншылар бар. Турнирдің жүлде қоры да қомақты. Қазіргі есеп бойынша шамамен 584 мың еуроны құрап отыр. Жалпы алғанда АТР 500 жарысы теннис әлемінде дәрежесі бойынша үшінші болып саналады. Себебі "Үлкен дулыға" жарыстарынан соң, АТР 1000 жарыстары бар.

"Халықаралық теннис қауымдастығы Қазақстанды бекер таңдап отырған жоқ. Себебі, біз соңғы жылдары дұрыс бағытта жұмыс істеп келе жатырмыз. Алдымен екі рет АТР 250 жарыстарын өткіздік. Олар 2020 және 2021 жылдары өтті. Сол кезде АТР 500 жарысының бір сайысын өткізу құқығына ие болдық. Енді міне, сол жарысты ұйымдастырудың реті енді келіп отыр. 2022 жыл қазақ теннисі үшін керемет өтіп жатыр десек те болады. Отандасымыз Елена Рыбакина биыл "Уимблдон" додасында топ жарды", – дейді Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

2020 жылы АТР басшылығы Қазақстанға бір жарыс ұйымдастыруға рұқсат берді. 500 ұпай берілетін ірі санаттағы жарысқа мықты теннисшілер баруға тырысады. Осы жуырда ғана әлемдік қауымдастық "Қытай оупен" жарысын Бейжіңде өткізуге тиым салды. Соның салдарынан 1-9 қазан күндері босап қалды. Теннис күнтізбесінен арнайы орын алған Қазақстан тарапы осы уақытты тиімді пайдаланып қалмақ.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу