Әлемдегі ең қымбат компаниялар белгілі болды

393

Apple компаниясы нарықтық капитализация бойынша Nvidia-ны басып озып, әлемдегі ең қымбат компания мәртебесін қайта иеленді. 

Әлемдегі ең қымбат компаниялар белгілі болды Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Компания акцияларының аздап қымбаттауы нәтижесінде Apple-дің нарықтық құны шамамен 4,9 триллион долларға жетті. Ал Nvidia компаниясының капитализациясы 4,8 триллион доллар көлемінде бағалануда.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта технологиялық сектордағы инвесторлар инвестициялық стратегияларын қайта қарастыра бастады. Соңғы айларда жасанды интеллект пен жартылай өткізгіштер саласындағы компаниялардың акциялары айтарлықтай қымбаттағаннан кейін, бірқатар инвесторлар бұл активтерді сатып, қаржысын қайтадан Apple акцияларына бағыттап жатыр.

Apple акцияларының өсуіне HSBC банкінің сарапшыларының оң бағасы да ықпал етті. Банк мамандары компанияның бағалы қағаздарын сатып алуға кеңес беріп, алдағы уақытта олардың құны арта түседі деп болжады.

Бұған жасанды интеллектке негізделген жаңа мүмкіндіктер, жаңартылған Siri, Apple Intelligence платформасының жаңа нарықтарға шығуы және алдағы өнімдер желісі, соның ішінде жиналмалы iPhone-ның таныстырылуы себеп болуы мүмкін екені айтылды.

Компаниялардың алдағы қаржылық нәтижелері де инвесторлар үшін маңызды көрсеткіш болмақ. Apple өзінің тоқсандық есебін 30 шілдеде, ал Nvidia 26 тамызда жариялайды. Сарапшылар әсіресе Apple-дің қызмет көрсету бизнесінің көрсеткіштеріне, Қытай нарығындағы жағдайға және келесі буындағы iPhone үлгілеріне қатысты жаңалықтарға назар аударып отыр.

Алдағы қаржылық есептер қай компанияның әлемдегі ең қымбат компания атағын сақтап қалатынын айқындауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу