Әлемдік сервистерде Қазақстанға тур сұранысы 3 есе көбейді

278

Парсы шығанағы елдерінің саяхатшылары негізінен Қазақстандағы эко және этно - туризм элементтері бар қалалық турларға баса назар аударады.

Әлемдік сервистерде Қазақстанға тур сұранысы 3 есе көбейді Фото: Shutterstock

2025 жылы Қазақстанның  туристік тартымдылығы негізгі халықаралық нарықтарда айтарлықтай артты. "Kazakh Tourism" компаниясы танымал онлайн-туристік агенттіктерде елдің негізгі туристік өнімдерінің ұсынылуына жүргізілген кешенді зерттеуді қорытындылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдау бес басым нарықты қамтыды: Қытай, Еуропа, Оңтүстік Корея, Жапония және Ресей. Іріктеу жекелеген орналастыру орындарын емес, Қазақстанға турларды сатуға мамандандырылған платформалар арасында ғана жүргізілді.

Зерттеу нәтижесі бойынша 5 мемлекеттің шетелдік онлайн-туристік агенттіктерінде елімізге келуді ұсынатын 962 тур анықталды. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 3 есеге жуық көп.  Ұсыныстардың географиясы турлардың басым бөлігі (59%) Алматы мен Алматы облысына тиесілі екенін көрсетеді. Ұсынылу деңгейі бойынша Астана үшінші орында.

"Қазақстанның бірнеше өңірін бірден қамтитын турлар санының айтарлықтай өскені байқалады. Олардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 7 есеге жуық көбейді. Бұл шетелдік аудиторияның мазмұнды әрі ұзақ маршруттарға қызығушылығының артқанын көрсетеді. Жалпы зерттеу нәтижелері Қазақстанның негізгі нарықтарда өзінің қатысуын  айтарлықтай күшейткенін көрсетеді. Осы зерттеу негізінде туроператорлар әлеуетті және жаңа даму мүмкіндіктерін нақты бағалай алады", – деп атап өтті "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Турөнімдерді дамыту департаментінің директоры Маржан Траиспаева.

Шетелдік аудиторияның қызығушылықтарын зерттеу қазақстандық туристік өнімдерге деген сұраныс құрылымындағы айырмашылықтарды көрсетеді.

Еуропалық саяхатшылар экологиялық-шытырман бағыттарға, этно-мәдени бағдарламаларға және қалалық турларға басымдық береді.

ҚХР туристері трансшекаралық және аралас сапарларға жоғары қызығушылық танытады. Ctrip платформасында табылған турлардың жартысына жуығы аймақтағы бірнеше елді бірден қамтитын маршруттардан тұрады.

Оңтүстік кореялық қонақтар белсенді демалысты мәдени және табиғи орындармен ұштастыратын экологиялық-шытырман турлар мен аралас бағдарламаларды жиі таңдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу