Әлемдік теннис жұлдыздары Бәйтерек маңында теннис ойнады

1168

Бүгін, 2-қазан ATP 500 Astana Open турнирінің іріктеу сайыстары аяқталды.

Әлемдік теннис жұлдыздары Бәйтерек маңында теннис ойнады

Әлемнің төртінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев және ATP 500 Astana Open турнирінің сегізінші ракеткасы канадалық Феликс Оже-Альяссим Астананың басты көрікті жері - Бәйтерек алдында жолдастық ойынын өткізді. Бұл туралы теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Теннис жұлдыздарын Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұтратов қолдау білдіріп арнайы келді. Ойыншылар өздерінің теннис арсеналынан түрлі соққылар мен қимылдарды көрсетті, суретке түсті, жанкүйерлермен сөйлесті.

Елордада Astana Open ATP 500 турнирінің іріктеу сайыстары аяқталды. Александр Недовесов негізгі жарысқа өте алмады. Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында қытайлық Чжичжень Чжанға есе жіберді - 6:7 (5:7), 3:6. Бірінші партияда есеп 5:4 болған мезетте Александр сетболын пайдалана алмады. Содан кейін тай-брейкте қарсыласы сәтті ойнады.

Негізгі турнирге әлемнің 65-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффенді италиялық Лука Нарди ұтты. Отандасы Павел Котовты сүріндірген ресейлік Александр Шевченко, сондай-ақ түркиялық Алтуг Челикбилекті жолдан тайдырған әлемнің 72-ракеткасы, сербиялық Ласло Джере негізгі додаға жолдама алды. Astana Open ATP 500 жарысының негізгі кезеңі ертең басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться