Әлемдік теннис жұлдызы Astana Open турнирін жеңіспен бастады

891

ATP рейтингінде 81-орында тұрған аустриялық теннисші Доминик Тим Астанадағы турнирдің екінші кезеңіне өтті.

Әлемдік теннис жұлдызы Astana Open турнирін жеңіспен бастады Фото: ktf.kz

Алғашқы кездесуінде Доминик Перу өкілі Хуан-Пабло Варильяасты 6:3, 7:6 (10:8) есебімен ұтты. Матчтан кейін Доминик Тим журналистердің сауалдарына жауап берді.

"Кездесу оңай болған жоқ. Бұл жабық қатты кортта және мықты қарсыласқа қарсы өткен бірінші матч болды. Соңғы кездесуде оған есе жібердім. Кездесуді өте жақсы бастадым. Екінші сетте бәрі ойдағыдай болмады. Ойын өте тартысты өтті", - деді теннисші кездесу нәтижесіне түсініктеме беріп.

Ол сондай-ақ бұл мансабындағы қиын маусым болғанын атап өтті.

Доминик осы маусымда денсаулығына байланысты қиындықтар болғанын айтты. US Open турнирінде бұрынғы әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Бен Шелтонмен өткен екінші кезеңдегі матчтан денсаулығына байланысты бас тартқан еді. 

Доминик турнирдегі келесі матчы туралы да пікір білдірді. Жергілікті теннис жанкүйерлері оның Стэн Вавринкамен кездесуін күткен еді. Алайда швейцариялық теннисші АҚШ өкілі Маркос Жироннан жеңіліп, турнирден шығып қалды. Кездесу 6:7 (6:8), 7:6 (7:4), 7:6 (8:6) есебімен аяқталды.

"Матчты тамашаладым. Ол үш ұзақ кезеңге созылды. Мен Маркосқа қарсы соңғы рет бір жыл бұрын ойнағанмын. Сенбіде ойынымды жақсартып, бұрынғыдан да жақсы ойнаймын деп үміттенемін", - деді аустралиялық теннисші.

Айта кетейік, бір күн бұрын теннис федерациясы Доминикпен қолтаңба сессиясын ұйымдастырды. Біраз жанкүйерлер жиналып, олар теннисшіден қолтаңба алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу