Қазақтың салт-дәстүрі – тұсаукесер рәсімі Біріккен Араб Әмірліктерінің төрінде ұйымдастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бір қызығы, 46 жастағы футболшыны баланың өзі таңдапты. Бейнежазбадан креативті жаны сүйетін әке ұлының алдына түрлі спортшының суретін тастап, таңдау еркіндігін бергенін байқау қиын емес.
Жаза кеткен жөн, Роналдиньо – әлемдік футболдағы финт жасаудың символы.
– Ол – өз саласындағы барлық марапатты жеңіп алған мықты футболшы. Бір кездері 17 жастағы Лионель Мессиге алғашқы голын соғуына мүмкіндік жасаған еді. Кейін Роналдиньо Мессиге батасын беріп, өзінің 10-нөмірлі жейдесін табыстаған. Артынша Месси де биік белесті бағындырып, ұстазының жетістіктерінен де асып түсті, – деп жазды баланың әкесі.
Сондай-ақ, ол ұсынысқа келіскені үшін аңыз ойыншыға алғысын да жаудырған.