Әлемнің бірінші ракеткасы елордада өтетін турнирге қатыса алмайтын болды

806

14-15 сәуірде елордадағы ұлттық теннис орталығында Қазақстан құрамасы командалар арасындағы әлем чемпионаты "Билли Джин Кинг" кубогының іріктеу кезеңі аясында Польша құрамасымен ойнайды.

Әлемнің бірінші ракеткасы елордада өтетін турнирге қатыса алмайтын болды

Польша құрамасы Астанада ең мықты құраммен өнер көрсетеді. Қазақстанға қарсы ойынға команда капитаны Дэвид Келт келесі ойыншыларды таңдады: Магда Линетт (19-шы WTA жекелей жарыс), Магдалена Фрехт (105-ші WTA), Алисия Росольская (39-шы WTA жұптық сайыс), Вероника Фальковская (WTA жұптық сайыс бойынша әлемдік рейтингінде 92-ші).
Бұдан бөлек әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтек  14-15 сәуірде өтетін "Билли Джин Кинг" кубогының іріктеу кезеңіне Польша ұлттық құрамасымен бірге қатысуы тиіс еді. Өкінішке орай оның елордаға келе алмайтыны белгілі болды. Игаға мұндай шешім қабылдауға қабырға жарақаты себеп болған.

"Бұл шешімді қабылдау қиын болды. Бірақ, мен ең бастысы денсаулық екеніне сенімдімін. Дохадағы турнир кезінде де, одан кейін де инфекциямен күрескенімді білесіздер. Осыдан кейін маған ойнауға рұқсат берілді. Дегенмен қатты жөтел ұстамасы қабырға жарақатына әкелді. Өкінішке орай, мен әлі де ыңғайсыздық пен қатты ауырсынуды сезінемін. Дәрігерлер диагнозды айтып, емдеу жоспарын дайындады. Мен 100% қалпына келтіру үшін үзіліс жасауға мәжбүрмін", - деп жазды Ига Швёнтек әлеуметтік желіде.

Польшаның "Билли Джин Кинг" кубогындағы ең жақсы көрсеткіші 1992 жылы болды. Ол кезде турнир Федерация кубогы деп аталатын және поляктар ширек финалға дейін жетті. Ал 2022 жылы олар Глазгодағы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде ойнады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу