Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы тарифтік саясат қайта қаралады

Дана Иман Дана Иман
1650

Жоспарда әлеуметтік қолдауды ақшамен алмастыру және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өзгерту де бар. 

Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы тарифтік саясат қайта қаралады

Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы тарифтік саясат қайта қаралады
Сондай-ақ жоспарда әлеуметтік қолдауды ақшамен алмастыру және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өзгерту де бар.

Әр ұйымға арналған әлеуметтік көмек көрсету құнында едәуір айырмашылық бар. Мысалы, үйге келіп әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелердің жұмысы 250 теңге, жартылай стационарлық үлгідегі аймақтық орталықтардың жұмысы  800 теңгеге дейін,  ал стационарлық үлгідегі ұйымдардың жұмысы  3000 теңгеге дейінгі арада бағаланады. Бұған дейін тарифтердің мұндай әртараптануы әлеуметтік көмек саласына жеке сектор мен үкіметтік емес ұйымдарды тартуға мүмкіндік берген. Ал қазір бұл ұйымдардың қызмет көрсету пакетін кеңейтуге мүмкіндік бермейтін кедергі болып отыр. Нәтижесінде көбінесе азаматтарға көрсетілетін арнайы көмек бірден бірнеше ұйымдар арқылы беріледі.                 

Осыған байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызмет көрсету үшін бірыңғай тариф енгізбекші.

"Жеке және азаматтық сектормен жұмыс істеу тәжірибесін ескере отырып жалпы сипаттағы қызмет түрлері үшін бірыңғай тариф енгізуді, пакеттік қызмет көрсететін ұйымдар үшін құрамдастырылған тарифтерді енгізу мүмкіндігін ескере отырып арнайы  әлеуметтік қызмет тарифтерін қайта қарауды ұсынамыз. Тарифтерді қалыптастыру барысында жаңа технологияларды енгізу қарастырылатын болады. Негізгі құралдарды жаңарту шығындары тарифке бірте-бірте қосылатын болады", ­- деді Тамара Дүйсенова әлеуметтік қызметкерлердің алғашқы форумының пленарлық отырысында.

Жаңа тарифтік саясат тасымалдаушылар қызметіне кететін шығынды есептейтін болады. Бұл тарифтік жүйені нарықтың өзгерістеріне неғұрлым серпінді әсер етіп, нәтижесінде инвестициялар үшін тартымды ететін болады деп есептейді министрліктегілер.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қайта іске қосу мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлерін бірте-бірте монетизациялауды көздейді.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлееттік сатып алуда өзгеріске ұшырайды. Сатып алу рәсімін екі кезеңге бөлу жоспарланып отыр. Қызмет көрсетушілердің республикалық базасын да бір мезгілде құру көзделіп отыр.

Атаулы көмек көрсетуді күшейту үшін өтініш беруден айқындаушы тәсілге көшу де жоспарланып отыр.

Шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына да  әлеуметтік қызмет көрсетілу керек. Алайда қазір әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының  70%-дан астамы ірі қалалар мен аудан орталықтарынан аспай отыр. Ал әлеуметтік көмек алатындардың 50%-ы ауылда тұрады. Ол жерлерде үйге келіп әлеуметтік көмек көрсету кеңінен тараған.

"Осыған орай әлеуметтік қызмет көрсетудің нұсқалық түрі мен формасы енгізілетін болады. Ол ең бірінші азаматтардың әлеуметтік іске қосылуын жандандыруды қарастырады. Олар қашықтықтан жұмыс істеуді  немесе жастар практикасын таңдай алады. Яғни біз азаматтың өзінің осы немесе  басқа қызмет түрін таңдауын жандандыратын боламыз", - деп түсіндірді министр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек көрсету саласына отбасының жұмыс істемейтін мүшелерін  тартпақшы. Оларға азаматтардың  мақсатты санатымен жұмыс істеуге үйрету үшін тегін оқыту курстары ұйымдастырылады.                                                    

Елдегі әлеуметтік саланы жаңартуға қатысты жаңа тұжырым балаларға патронаттық көмек көрсету институтын дамытуды, ауылдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің көпсалалы үйлерін құруды, мобильді қызмет көрсетуді енгізу, сондай-ақ стандарттар мен критерийлерді жаңартуды көздейді.

Гүлназ Ермағанбетова,  Дана Иман

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу