Әли Әлиев: Қазақстан чемпионаты Еуропа күнтізбесі бойынша өтуі керек

271

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ел чемпионатын еуропалық жүйеге көшіруді ұсынды.

Әли Әлиев: Қазақстан чемпионаты Еуропа күнтізбесі бойынша өтуі керек Фото: kff.kz

Оның айтуынша, ойындарды жиі өткізу – футболшылардың бабын арттырудың негізгі жолы, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Инфрақұрылым толық дайын болған кезде бірден жарыс жүйесін өзгерту керек. Біз матчтарды кейінге шегермей, екі күнде бір рет ойнауға дағдылануымыз қажет. Өйткені бұл – Еуропаға тән қарқын. Егер біз Еуропаның бір бөлігі болсақ, онда олардың күнтізбесімен жүруіміз керек. Қазір ойындар кейінге қалдырыла береді, ал оның салдары ұлттық құрамаға тиеді. Футболшылар аптасына 3 ойын өткізсе, жоғары деңгейде шыңдалады. Бұл өзгерісті біз баяғыда қабылдауымыз керек еді", – деді ол.

Айта кетейік, Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін Әли Әлиев құрамадағы қызметінен кететінін мәлімдеген. Дегенмен, оның отставкасы әлі ресми түрде бекітілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу