"Әлиевтің шешімі": Әзербайжан Иран халқына гуманитарлық көмек жіберді

354

Жалпы көлемі 30 тонна азық-түлік тауарларынан тұрады. 

"Әлиевтің шешімі": Әзербайжан Иран халқына гуманитарлық көмек жіберді Фото: Бейнежазбадан

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен Баку Тегеранға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, Haber Global телеарнасы оқиға орнынан арналйы репортаж дайындаған. Әзербайжан мемлекеттік резервтер агенттігінің резервтерді бақылау департаментінің директоры Эмиль Гасанзаденің айтуынша, көмектің жалпы көлемі 30 тонна азық-түлік тауарларынан тұрады. Оған 10 тонна ұн, 6 тонна күріш, 2,4 тонна қант, 4 тоннадан астам ауыз су, шамамен 600 келі шай, сондай-ақ 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек пен медициналық заттар кірген.

Тиісті шешім біздің Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Иран президенті Масуд Пезешкианның 8 наурыз күні телефон арқылы сөйлескен соң қабылданды.

Пезешкиан Тегеранның Нахичевандағы дрон шабуылына қатысы жоқ екенін және оқиға жіті тергелетінін мәлімдеді. Өз кезегінде Әлиев Ирандағы соңғы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу