Әлихан Мәулет батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

191

Жарыс Қытайдың Нанкин қаласында өтті.

Әлихан Мәулет батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Әлихан Мәулет Қытайдың Нанкин қаласында өткен батуттағы гимнастикадан жас ерекшеліктері бойынша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз 17–21 жас аралығындағы спортшылар арасында қос шағын батутта өнер көрсетіп, финалда екінші орынға ие болды.

Алтын медаль 28,600 ұпай жинаған ресейлік Лев Бусаревке бұйырды. Ал америкалық Кейсен Мааг 23,900 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу