banner

Үкімет басшысы Президент тапсырмаларын орындауға кірісті

1571

Президент халыққа жолдауы барысында Үкіметке бірнеше әлеуметтік тапсырма берді. Үкімет басшысы оны іске асыруды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктеді, деп жазады inbusiness.kz.

Үкімет басшысы Президент тапсырмаларын орындауға кірісті

"Еңбек министрлігі, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру мәселесін пысықтауы қажет", – деді ол Еңбек министріне.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне өзгерістер енгізу, бала күтімі бойынша  және жұмыссыз қалғанда берілетін әлеуметтік төлемдерді ұлғайту, Отбасының цифрлық картасы мен Әлеуметтік әмиянды енгізу бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.

"Қандастарды қоныстандыру саясатын түбегейлі реформалау және ішкі миграцияны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек", – деп жалғады Смайылов өз сөзінде.

Жиынтық зейнетақының мөлшерін ұлғайту, әйелдердің зейнет жасын 61 жасқа дейін төмендету және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс екенін айтып тоқтады.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу