Алина Әжіғалиева әлем чемпионатында топ жарды

1120

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина Әжіғалиева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алина Әжіғалиева әлем чемпионатында топ жарды Фото: olympic.kz

Ол әлем чемпионатында 1 500 метр қашықтықта сынға түсіп, финалына шыққан болатын. Аталған қашықтықта венгриялық Маджа Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді. Ал отандасымыз екінші орынды иеленді.

Айта кетейік, бұл - қазақстандық қыздар арасындағы шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алина Херенвен қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында эстафеталық жарыста күміс жүлде алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу