Әлинұр Төлеуғали әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

299

Қазақстандық балуандар U17 әлем чемпионатын бір алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен қорытындылады.  

Әлинұр Төлеуғали әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U17 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен үш медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

71 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлинұр Төлеуғали қола жүлде үшін өткен кездесуде Иран балуаны Эсмаил Захердоустты жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Осылайша, Қазақстанның грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы қоржынына бір алтын, бір күміс және бір қола медаль түсті.

Бұған дейін Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алса, Әли Алмас 48 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу