Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров кісі қолынан мерт болды

292

Қайғылы оқиға 30 қазан күні түнде орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров кісі қолынан мерт болды Фото: gov.kz

Сол түні Ержан Бабақұмаров танысымен болған. Олардың арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан.

Қайғылы оқиғаны Астана қалалық Полиция департаменті де растап, кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

– Бұрыннан таныстар арасында келіспеушілік орын алып, төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жарақат алған 56 жастағы ер адам қаза болды. Күдікті ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу