Алматы бесінші рет WTT Contender халықаралық турнирін қабылдайды

260

​1–6 қыркүйек күндері Алматыда үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді. Жарыстың жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Алматы бесінші рет WTT Contender халықаралық турнирін қабылдайды

Биыл додаға 19 елден 120-дан астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Германия, Жапония, Қытай Тайбэйі, Франция, Швеция, Корея Республикасы, Үндістан, Испания, Италия, Нидерланд, Мексика, Өзбекстан және Қазақстан өкілдері бар.

Алматы төрінде әлемдік үстел теннисінің танымал спортшылары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Германия құрамасының өкілі, Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Дмитрий Овчаров, Жапония спортшысы әрі жұптық сында әлем чемпионы Сюнсукэ Тогами, командалық жарыста Олимпиада күмісін алған Хина Хаята және Қазақстанның үздік теннисшілерінің бірі Кирилл Герасименко қатысады.

Турнир аясында ерлер мен әйелдер арасында жекелей, жұптық және аралас жұптық санаттар бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Жарыстың тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасынан және World Table Tennis ұйымының ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Өтетін орны: "ADD Ustel Tennis Ortalygy" үстел теннисі орталығы, Нұркент шағын ауданы, 14Б.

Көрермендер үшін кіру тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу