Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты

1313

Хостелде 72 адам болған. 

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты Фото: Алматы ТЖД

30 қараша күні сағат 05:33-те Алматы қаласы Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минут ішінде келді. Өрт сөндірушілер келген кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі жанып жатты. Тұрғын үйдің 1-қабаты мен  жертөле үй-жайы хостел ретінде қайта жабдықталған. Өрттің жалпы  алдын ала ауданы 30 шаршы метрді құрайды, деп жазады inbusiness.kz Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Қабылданған шаралармен өрт сағат 06:22-де сөндірілді. Өртті барлау және сөндіру барысында алдын ала 13 адам қаза тапты, жеке бас мәліметтері анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша улы газбен улану салдарынан қайтыс болған.

  • Алдын ала мәлімет бойынша хостелде 72 адам болған. Оның 59-ы өздігінен эвакуацияланды.
  • Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.
  • Өрт пен адамдардың қайтыс болу себебі анықталуда.
  • Ақпарат түсуіне байланысты толықтырылатын болады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу