Алматы Испанияның танымал туристік басылымының назарына ілікті

110

Viajar – Испаниядағы жетекші туристік басылымдардың бірі.

Алматы Испанияның танымал туристік басылымының назарына ілікті Фото: Алматы әкімдігі

Испанияның Viajar туристік журналы Қазақстан туралы мақала жариялап, Алматы қаласының туристік әлеуетіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарияланым авторлары Алматыны Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі деп атаған.

– Мақалада Алматының Тянь-Шань тауларының баурайында орналасқаны, дамыған туристік инфрақұрылымы, бай мәдени мұрасы, сан алуан гастрономиясы және белсенді демалысқа арналған кең мүмкіндіктері атап өтілген, – делінген хабарламада.

Viajar – Испаниядағы жетекші туристік басылымдардың бірі. Журнал ондаған жыл бойы оқырмандарына әлемнің ең қызықты саяхат бағыттары туралы ақпарат ұсынып келеді.

Жарияланым Алматының халықаралық туристік имиджін нығайтып, шетелдік саяхатшылардың қалаға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу