Алматы қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Contender Almaty 2026 турнирі өз мәресіне жетті

305

Алматыда өткен жарыстың жеңімпаздары анықталды. 

Алматы қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Contender Almaty 2026 турнирі өз мәресіне жетті Фото: ҚР үстел теннисі федерациясы

Ерлер арасындағы жекелей сындағы финалда Жапония өкілі Шунсуке Тогами Франция спортшысы Симон Гозиге қарсы кездесуді сенімді өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті және WTT Contender Almaty 2026 чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әйелдер арасындағы жекелей сындағы финалда турнирдің ең мықты екі спортшысы кездесті. Жапониялық Миу Хирано отандасы Хина Хаятаны 4:1 есебімен жеңіп, әйелдер жұптық сынындағы жеңісінен кейін турнирдегі екінші чемпиондық атағын иеленді.

Күннің ең тартысты кездесуі ерлер жұптық сынының финалы болды. Ресейлік Лев Кацман / Максим Гребнев жұбы бес сетке созылған шиеленісті матчта швециялық Маттиас Карлссон / Кристиан Карлссонды 3:2 есебімен жеңді. Жапониялық Миу Хирано / Мию Кихара жұбы жоғары деңгейдегі үйлесімді ойын көрсетіп, Үндістан өкілдері Синдрела Дас / Сутиртха Мукерджиге еш мүмкіндік қалдырмай, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Аралас жұптық сынның финалында Ресей құрамасының өкілдері Евгений Тихонов / Мария Панфилова Жапония спортшылары Кадзуки Йошияма / Юна Оджионы 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Турнирдің бас серіктестері – "Самұрық-Қазына" АҚ және туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры Sport Qory. Қазақстан үстел теннисі федерациясына ADD Capital, Halyk Bank, Allur, Kazakhmys және ERG компаниялары, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне және Алматы қаласының әкімдігі демеушілік қолдау көрсеткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу