Алматы қуыршақ театры халықаралық фестивальде Гран-при иеленді

403

"Ортеке" спектаклі Қазан қаласындағы халықаралық фестивальде үздік деп танылды.  

Алматы қуыршақ театры халықаралық фестивальде Гран-при иеленді Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры халықаралық сахнада үлкен жетістікке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында театр ұжымы бірнеше беделді фестивальдерге қатысып, Қазақстанның атынан өнер көрсетті.

Театрдың басты жетістігі – Қазан қаласында өткен "Шомбай-fest – 2026" халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліндегі жеңісі. Байқау қорытындысы бойынша "Ортеке" спектаклі үздік деп танылып, ұжымға Гран-при жүлдесі табысталды.

Сонымен қатар, Алматы қуыршақ театры Румыниядағы Халықаралық Шекспир фестиваліне қатысып, 2027 жылы өтетін халықаралық театр форумына шақырту алды. Сондай-ақ ұжым "BIKEN FEST" фестивалінде өнер көрсетіп, ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастыратын халықаралық додаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Театр өкілдерінің айтуынша, бұл жетістіктер қазақстандық қуыршақ өнерінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыра түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу