Алматы мен Талғардағы футбол нысандары тексерілді

1630

Чемпионат қайта жалғасатын болды.

Алматы мен Талғардағы футбол нысандары тексерілді

Қазақстан чемпионатының соңғы туры шілдеде өткен болатын. 2020-маусымдағы футболдан премьер-лига командалары арасында өтуі тиіс Қазақстан чемпионаты 18-тамыз күні қайта жалғасын табады. Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттің комиссиядан Қазақстан чемпионатын жалғастыруға рұқсат алған болатын. Бұл туралы футбол командалары да хабарлама алды.  

Осыған байланысты бүгін мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты өтетін  "Алматы-Талғар" локасиясындағы футбол нысындарын тексерді.

Шара барысында футбол ойындары өтетін стадиондардың санитарлық-эпидемиялық талаптарға сейкестігі анықталды.  Сонымен қатар отандық клубтардың жарыс уақытында тұратын Алматы қаласындағы бірнеше қонақ үйлер карантин талаптарының сақталуына тексерілді.  

Тексеріс нәтижесінде стадиондар мен аталған қонақ үйлердің санитарлық ережеге түпкілікті сәйкестігі ерекше аталды. Инспекция мүшелері қазіргі уақытта мемлеттік органдармен келіселген Санитарлық протоколдың талаптарын қатаң түрде орындау маңызды екенін айта кетті.

Қорытындылай келе, таңдалған ареналар OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын 18 тамыздан бастап жалғастыруға дайын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу