Алматы облысында "Атлетико Мадрид" футбол академиясы ашылды

236

"Атлетико Мадрид" академиясының ашылуы Қазақстандағы жасөспірімдер футболының дамуына серпін береді.

Алматы облысында "Атлетико Мадрид" футбол академиясы ашылды Фото: atleticomadridacademykz

Алматыдан 40 шақырым жерде әйгілі испандық клубтың академиясы өз жұмысын бастады. Мұнда Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 120 жас футболшы испан футболының әдістемесі бойынша дайындалады.

Оқушыларды таңдауда олардың физикалық дайындығымен қатар психологиялық қабілеттеріне де мән берілді.

Академия заманауи инфрақұрылыммен қамтылған: жаттығу алаңдары, дене шынықтыру залдары және теориялық сабақтарға арналған аудиториялар бар. Жасөспірімдердің бір бөлігі грант негізінде білім алса, қалғандары ақылы түрде оқиды.

2026 жылдан бастап академия тәрбиеленушілері ел чемпионаттарына, сондай-ақ QJ-лигасы мен халықаралық турнирлерге қатысады. Алдағы уақытта нысан аумағында қосымша 5 футбол алаңын салу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу